«Грекияда орман өртеді деген күдіктілер арасында қазақстандықтар жоқ»
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, мұны Грекия министрлігі растаған.
«Қазақстандық консул ақпарат жарияланғаннан кейін бірден осы оқиға бойынша грек билігімен байланысқа шықты. Грек полицейлері ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтарының жоқ екенін және оларға қандай да бір шағым түпегенін хабарлады», – деді СІМ өкілі.
Бұған дейін, Грекияда яхта жалдаған қазақстандықтар отшашу арқылы аралды өртеп жіберді деген ақпарат тараған еді.
Отправить комментарий