«Хасанды босқа қаралап отырсыңдар»
Талғар қаласы Тұрар Рысқұлов ауылының тұрғындары 16 жастағы жасөспірімнің қазасына қатысты пікір білдірді. «Таяқтың екі ұшы бар» деген олар, Хасанға жала жаппаңдар дейді.
«Хасан осы ауыл үшін шапқылап жүрген жігіт. Мешіт, мектеп салдырған жігітті сонша қаралап, Шерзат марқұмның ісі бір жақта қалды. Хасанның інісі түрмеде отырған шығар. Ол өз жазасын алып отыр. Оны шұқылап, ол адмды ауру қылып тынатын болды. Дәлел барма, заңға беріңдер», — дейді ауыл тұрғындары.
Тұрғындардың сөзінше, бұл ауылда ешқандай «қылмыстық ұйым жоқ». Ауылымыз өте ұйымшыл дейді.
Отправить комментарий