Иран хиджаб кию ережесін сақтамаған әйелдерді дронмен бақылайды

БҰҰ мәліметтері бойынша, әсіресе бұл Тегеран мен Иранның оңтүстігінде көп қолданылады.

Иранның негізгі жолдарындағы бақылау камералары оранбаған әйелдерді іздеу үшін де қолданылады.

БҰҰ қызметкерлері Иран полициясы азаматтарды Nazer мобильді қосымшасын орнатуға мәжбүр ететінін алға тартты. 

Бұл құқық қорғау органдарына автобустарда, метрода, таксиде тіпті жедел жәрдем көліктерінде орамалсыз жүрген әйелдер туралы хабарлауға мүмкіндік береді.

Заңдарды бұзған немесе оларға қарсы шыққан әйелдерді қамауға алып, ұрып — соғады. 

Отправить комментарий