Қаңтар оқиғасы кезінде адамдарды азаптаған полицейлер сотталды
2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысы Қошмамбет ауылындағы азаптау дерегі бойынша 6 полицейге сот үкімі шықты.
Іс бойынша 44 адам жәбірленуші деп танылды. Олардың арасында Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары бар.
Сотталушыларға «лауазымын асыра пайдалану» және «азаптау» бабы бойынша айып тағылған.
Айыпталушылардың кінәсі дәлелденіп, әрқайсысы үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Отправить комментарий