Қара жер құшағындағы кеншілер

«Қазақмыс» басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Кеше Ұлытау облысындағы «Қазақмыс корпорациясына» қарасты «Жомарт» кенішінде апаттан кейін шахтада қалып қойған жеті кеншінің сүйегі табылды. Оқиға кезінде шахта опырылып, кеншілер байланыссыз қалған еді. Жерасты кабелінің үзілуі құтқару жұмыстарын қиындатты. Өкінішке орай, бірнеше күнге созылған іздестіру жұмыстары кеншілердің тірі қалмағанын көрсетті.

Қайғылы оқиға Жезқазған қаласынан 200 шақырымнан аса қашықта орналасқан кеніште орын алды. Құтқарушылар мен мамандар апаттың себептерін зерттеуде.

Отправить комментарий