“Қауіп қайдан деме: мектептегі күмәнді кәмпиттер дабыл қақтырды” – полиция жауап берді
WhatsApp чаттарында мектептерде балаларға “құлпынай квик” кәмпиттері мен құрамында есірткі – кристалды метамфетамин бар басқа да заттар таратылып жатқаны туралы ақпарат тарады. Алайда, ІІМ бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
“Қоғамда дүрбелең туғызуы мүмкін жалған ақпарат тарату – қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Сондықтан кез келген ақпаратты таратпас бұрын, оның рас-өтірігін мұқият тексеру қажет. Сонымен қатар, ата-аналарға балаларымен қауіпсіздік және сақтық шаралары жөнінде сөйлесудің маңыздылығын еске саламыз”, – деп хабарлады полиция.
Отправить комментарий