Қазақстан мектептерінде жыныстық тәрбие бойынша жаңа пән енгізу ұсынылды

Депутаты Айгүл Арғынбекова елімізде жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесіне қатысты жүйелі көзқарастың әлі қалыптаспағанын айтты.

«Біздің мектептерде репродуктивті денсаулық мәселелерін жан-жақты қамтитын арнайы пән жоқ. Бұрын валеология курсы болған, бірақ ол факультатив ретінде оқытылды және оның мазмұны көбіне мұғалімнің өзіне байланысты болды. Көптеген педагогтер қандай тақырыптарды қозғау маңызды екенін білмеді», — деді Арғынбекова.

Сенатордың пікірінше, балалардың жас ерекшеліктері мен психологиялық сипаттарын ескере отырып, жыныстық тәрбиені оқытудың нақты әдістемесін әзірлеу қажет.

Ал сіз бұған қалай қарайсыз❓

Отправить комментарий