Қазақстан мен Моңғолия жаңа технологияны, қазба байлықты бірлесіп игермек
Бұл туралы Тоқаев пен Хурэлсухтің БАҚ өкілдері үшін өткізген брифингте айтылды.
Қазақстан және Моңғолия президенттерінің бірлескен мәлімдемесінен:
▪️Арнайы декларацияға қол қойылды;
▪️Былтыр сауда-саттық көлемі 150 млн долларға жуықтады. Оны 500 млн долларға дейін жеткізу жоспарлануда;
▪️Қазақстанда мал ауруларына қарсы вакцина шығару мүмкіндігі бар. Екі ел басшысы Моңғолияда вакцина өндірісін ашуға келісті;
▪️Қазақстан кәсіпкерлері Моңғолияның тау-кен саласын зерттеуге дайын;
▪️Моңғол жастары үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарының есігі ашық;
▪️Қазақстан Моңғолияның ЕАЭО-мен еркін сауда келісімін жасау ниетін қолдайды.
Отправить комментарий