Қазақстанда жедел жәрдем мен полиция көлігіне жол бермегендерге айыппұл салынады
Елімізде жол жүру ережелеріне бірқатар өзгерістер енгізіліп, кейбір талаптар күшейтілді. Соның ішінде жедел жәрдем мен полиция көлігіне жол бермеген жүргізушілерге 80 мың теңгеге дейін айыппұл салынатын болды.
Сондай-ақ, қозғалып келе жатқан көліктің терезесінен басын шығарған азаматтар да жауапкершілікке тартылады. Олар 40 мың теңгеге дейін айыппұл төлеуі мүмкін.
Дегенмен, кейбір заң нормалары жұмсартылды. Бұған дейін жол-көлік апатына кінәлі жүргізуші ешкімнің өліміне себепші болмаса да, жарты жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылатын. Енді ол 80 мың теңге айыппұл төлеп, жүргізуші құқығын сақтап қала алады.
Отправить комментарий