Қазақстандық балаларға 129 доллардан түсті

Қазақстан Ұлттық Банкі «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша 18 жасқа дейінгі балалардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) шоттарына кезекті қаржы аударылатынын мәлімдеді.

Бағдарлама аясында әр балаға 129,38 АҚШ доллары (қазіргі курспен 66 673 теңге) бөлінді. Барлық қатысушыға төленген жалпы сома – 888,8 млн АҚШ доллары. 2024 жылдың аяғында бағдарламаға қатысушы бала саны 6 921 035 болды.

Отправить комментарий