Қазақстандықтар Magnum сауда желісіне бойкот жариялады

Қазақстанда Magnum сауда желісіне қарсы бойкот басталды. Әлеуметтік желі қолданушылары мен қоғам белсенділері аталмыш компанияның әрекетіне наразы. Бойкоттың басты себебі — компания қызметкерінің қазақ тілінде қызмет көрсетуді сұрағаны үшін жұмыстан босатылуы.

Оқиға желісіне сүйенсек, Magnum дүкенінің бір қызметкері клиентке “қазақша сөйлеңіз” деп өтініш айтқан. Алайда осы әрекеті үшін басшылық қызметкерді жұмыстан шығарған. Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырып, әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланды. Көпшілік мұны ана тіліміз – қазақ тіліне жасалған қысым деп бағалап, компаниядан жауапкершілік талап етуде.

Наразылық ретінде азаматтар Magnum сауда желісінен тауар сатып алмауға, олардың қызметтерінен бас тартуға шақыруда. Әлеуметтік желілерде “Magnum сауда желісіне бойкот” деген жазуы бар плакаттармен түскен фотолар тарап жатыр.

Қоғам белсенділері бұл әрекет тұтынушы құқығын қорғау мен қазақ тіліне деген құрметті талап ету мақсатында жасалып отырғанын алға тартуда.

Қазіргі таңда Magnum компаниясы бұл жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасамады.

Отправить комментарий