Келес аудандық соты білім бөлімінің қызметкерлеріне үкім шығарды

2025 жылғы 16 сәуірде Түркістан облысы Келес аудандық соты ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен айыпталған білім бөлімі қызметкерлеріне қатысты үкім шығарды.

Тергеу барысында білім бөлімінің басшысы мен есепшілері жұмыс істемеген тұлғаларға жалған түрде жалақы аударып, мемлекетке 812 млн теңгеден астам залал келтіргені анықталды.

Сот үкімімен сегіз адам 7 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойына мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Бес адам шартты жаза алып, 279 млн теңгеден астам қаржыны мемлекетке қайтарды. Тағы он адам 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Previous post

ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МЕРЕЙІ» ФОРУМЫ ӨТТІ ТҮРКІСТАН. Бүгін ежелгі Түркістанда «Түркістан мәртебесі – ел мерейі» атты республикалық форум өтті. Іс-шараның басты мақсаты – Түркістан қаласына берілген ерекше мәртебенің мәнін айқындау және оның рухани-мәдени миссиясын жан-жақты талқылау. Ауқымды форумға ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қайрат Балабиев пен Темір Қырықбаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің басқарма басшысы Рига Онаева, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Форумның модераторы – Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев. Жиында сөз алған вице-министр Б.Омарбеков «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» ҚР Заңының негізгі бағыттарына тоқталды. Оның айтуынша, бұл заң қаланың тарихи-мәдени мұрасын сақтау, туризмді дамыту, әкімшілік басқару жүйесін тиімді ету және әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған. Аталған заң аясында Түркістан қаласының әкімдігі мен мәслихатына қосымша 44 құзырет берілгені белгілі болды. Форум аясында жергілікті қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, ұлттық аспаптармен оркестр күй төгіп, «Ұлы тарихтың жаңғыруы» атты театрландырылған көрініс қойылды. Ресми мәліметке сәйкес, соңғы үш жыл ішінде Түркістан қаласының халқы 31,5%-ға өсіп, 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін 236 954 адамға жеткен. Қала облыс орталығы атанғалы бері жалпы өңірлік өнім 4,5 есе өсіп, 2024 жылы 452,6 млрд теңгені құраған. Мемлекеттік бюджетке түскен түсім көлемі де 2,8 есе артып, 80,1 млрд теңгеге жетті. Ал негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 915,7 млрд теңгені құраса, оның ішінде 2024 жылы 400,2 млрд теңге инвестиция тартылған. Форумда айтылған деректер мен бастамалар Түркістанның тек рухани ғана емес, экономикалық даму тұрғысынан да маңызды аймаққа айналып келе жатқанын айғақтайды.

Next post

Түркістан облысында сарайдан есірткі табылған: 49 жастағы ер адам ұсталды

Отправить комментарий