Кеніште жарылыс: төрт адам ауруханаға түсті

Дөң тау-кен байыту комбинатының “Болашақ” кенішінде жарылыс болып, төрт жұмысшы күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Оқиға кезінде шахтада 228 адам болған, олардың барлығы қауіпсіз жерге шығарылды. Полиция қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша тергеу бастады.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екі жұмысшы ауруханаға жатқызылды, біреуі үйіне жіберілді, ал біреуінің жағдайы ауыр.

Отправить комментарий