Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінде «Заң мен тәртіп – біздің ұстаным!» бірыңғай адалдық сағаты өтті

Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінде «Заң мен тәртіп – біздің ұстаным!» бірыңғай адалдық сағаты өткізілді, деп хабарлайды Azatnews.kz тілшісі.

Жиналыс Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Жиналысты бөлім басшысы Б. Жорабеков ашып, қызметкерлерге қоғамда заңға құрметпен қараудың, адалдық пен әділдіктің маңызын атап өтті.

Адалдық сағатының негізгі мақсаты – құқықтық мәдениетті арттыру, заңдылықты сақтау, жауапкершілік сезімін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың кері әсерін түсіндіру болды.

Жиналыс барысында бөлім қызметкерлері парасаттылық, әділдік пен ашықтық қағидаттарын ұстанудың маңыздылығы жайлы пікір алмасты.

Сонымен қатар бүгін, 30 маусым күні

Кентау қаласында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша қызметті үйлестіру жөніндегі қалалық ведомствоаралық штабтың кезекті отырысы өтті.

Жиынға штаб мүшелері, ауыл әкімдері, бөлім мен мекеме басшылары, сондай-ақ жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар қаралды. Бұл жөнінде қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, Байылдыр ауылы әкімі аппараты және Жастар ресурстық орталығының баяндамалары тыңдалды.

Отырысты жүргізген Кентау қаласы әкімінің орынбасары, штаб төрайымы А. Байболова баяндамаларды назарға алып, ұсыныстар бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Отправить комментарий