Кентауда 6 тамыз күні «Қызмет алушылар күні» өтеді

Кентауда 6 тамыз күні «Қызмет алушылар күні» өтеді,-деп хабарлайды Азатнюс.

Халықпен тиімді байланыс орнату, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге жәрдемдесу мақсатында Кентау қаласында «Қызмет алушылар күні» ұйымдастырылады.

Іс-шара 2025 жылдың 6 тамызы күні сағат 11:00-де Яссауи көшесі №85 мекенжайында орналасқан “Халықтық кеңсе” ғимаратында өтеді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті хабарлады.

Аталған шара Агенттіктің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» аясында ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсат — мемлекеттік мекемелер мен азаматтар арасындағы ашық диалогты нығайту, тұрғындар тарапынан туындайтын түрлі мәселелер мен сұрақтарға жедел әрі сапалы жауап беру.

Шара барысында қала тұрғындары әлеуметтік салаға қатысты сұрақтарын жолдап, қажетті кеңес ала алады. Әсіресе, жұмыспен қамту, әлеуметтік жәрдемақы, зейнетақы, тұрғын үй, денсаулық сақтау және басқа да мемлекеттік қызмет түрлеріне қатысты мәселелер қарастырылады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізіп келеді. Бұл бастама қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді арттыруға, сондай-ақ халықтың мемлекеттік құрылымдарға деген көзқарасын оң бағытқа өзгертуге ықпал етуде.

Тұрғындардан белсенділік танытып, жеке сұрақтарын, өтініштерін нақты айтып, мамандармен тікелей пікір алмасуға шақырылады. Мұндай ашық форматтағы қабылдау халықтың сұранысын ескеріп, мәселені орнында шешуге бағытталған тиімді тәжірибе саналады.

Айта кетейік, «Қызмет алушылар күні» тек Кентау қаласында ғана емес, Түркістан облысының өзге де аудандарында кезең-кезеңімен жалғасатын болады. Игілікті бастама алдағы уақытта әлеуметтік әділеттілік пен азаматтардың мемлекеттік қызметтерге сенімін арттыруға сеп болмақ.

Отправить комментарий