Кентауда балалар плоггингке қатысты: «Бір қап қоқыс — бір балмұздақ»

 

Кентау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ерекше форматта жалғасуда. Бұл жолы тазалық шарасы Абай көшесіндегі №7, 9, 11 және Ясауи көшесіндегі №96, 98 үйлердің ауласында өтті. Әдеттегі сенбіліктен өзгеше бұл шара – плоггинг жарысы түрінде ұйымдастырылды.

Плоггинг — қоршаған ортаны тазарту мен дене белсенділігін ұштастыратын қозғалыс. Шара барысында тұрғындар өз аулаларын қоқыстан тазартып, жабайы шөптерден арылтты. Балалар мен ата-аналар бұл бастамаға белсенді түрде атсалысты. Әсіресе, кішкентай қатысушылар «Бір қап қоқыс — бір балмұздақ» ұраны арқылы өз үлестерін қосты.

Іс-шара соңында балаларға балмұздақ пен ойыншықтар таратылып, тазалыққа үлес қосқан әрбір тұрғын марапатқа ие болды.

— Бұл тек сенбілік емес, тәрбиелік мәні бар бастама. Балаларға туған жерін, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызын ерте жастан ұғындыруымыз керек, — деді ұйымдастырушылар.

Кентау қаласы әкімдігінің мәліметінше, мұндай аулаішілік плоггинг жарыстары қаладағы басқа көпқабатты үйлердің аулаларында да жалғасын табады.

Отправить комментарий