КЕНТАУДА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Кентау қаласына қарасты Байылдыр ауылында кезекті қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Кентау қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық, ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің мамандары қатысып, мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердің жұмысын жан-жақты зерделеді.
Қоғамдық бақылау барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалған жағдайлар, қызмет алушыларды қабылдау сапасы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының қолжетімділігі тексерілді. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан түскен сұраныстар ескеріліп, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде артық рәсімдерге жол бермеу, азаматтарға ыңғайлы жағдай жасау қажеттілігі түсіндірілді.
Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жүргізіліп, қызмет сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасын табады.
Отправить комментарий