КЕНТАУДА «НАУРЫЗ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ
Кентау қаласының 70 жылдығы аясында 2010-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында еркін күрестен «Наурыз» республикалық турнирі өтті.
Жарысқа Алматы, Атырау, Қызылорда, Шымкент қалаларынан және Жамбыл, Түркістан облыстарынан келген 43 командадан 400-ге жуық жас палуан қатысты.
Ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова спорттың дамуына ерекше мән берілетінін атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Екі күнге созылған додада жас спортшылар өз шеберліктерін көрсетіп, жеңіс үшін белдесті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер «ҚР спорт шебері» атағына үміткер атанды.
Еркін күрес – елімізде сұранысқа ие спорт түрлерінің бірі. Кентаулық жасөспірімдер де бұл бағытта жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, қаланың спорттық дамуына өз үлестерін қосуда.
Отправить комментарий