Кентауда құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған қоғамдық кездесу өтті

Кентауда құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған қоғамдық кездесу өтті
– деп хабарлайды Azatnews.kz тілшісі.

Кентау қаласында құқықтық тәртіп пен заң үстемдігін нығайтуға арналған қоғамдық кездесу өтті. Шарада құқық қорғау органдарының өкілдері тұрғындармен ашық сұхбат жүргізіп, заң талаптары мен азаматтық жауапкершілік жайлы кеңінен түсіндірді.

Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, қалалық прокуратура мен полиция департаментінің мамандары қатысты. Кездесу барысында азаматтарға тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мәселелері бойынша кеңестер берілді.

Мұндай іс-шаралар қоғам мен билік арасындағы сенімді арттыруға, заң нормаларын түсінікті тілде жеткізуге және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл кездесулер алдағы уақытта өзге де елді мекендерде жалғасын табады.

Отправить комментарий