Кентаудағы білім беру мекемелерінің бірінде мұғалімнің көмекшісі балаларға физикалық күш көрсеткен

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілінің көмегімен лицей оқушыларына қатысты физикалық күш қолдану фактісі анықталды.

Кентауда жан түршігерлік оқиға орын алған. Лицей-интернат оқушылары бірінің анасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкіліне хабарласып, баласына, сондай-ақ басқа оқушыларға білім беру мекемесі мұғалімінің көмекшісі физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық көрсетіп жатқанын жеткізген

АҚЖУ өкілі оқушылардың ата-аналары, қалалық прокуратура және Түркістан облысы білім басқармасы өкілдерінің қатысуымен жедел қабылдау ұйымдастырып, нәтижесінде білім басқармасына сауал жіберілді.

Тексеру барысында күш қолдану және моральдық қысым көрсету фактілері расталып, мұғалім көмекшісінің лицейде волонтер болып жұмыс істегені де белгілі болды. Онымен ынтымақтастық тоқтатылды.

Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін лицей-интернатының директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тәрбие психологы, сынып жетекшісі сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

————

Помощник воспитателя в одном из учебных заведений Кентау применял физическое насилие в отношении детей

При содействии представителя УПЧ по Туркестанской области выявлен факт физического насилия в отношении учеников лицея

Вопиющий случай произошел в Кентау. Мать одного из учащихся лицея-интерната обратилась к представителю Уполномоченного по правам человека по Туркестанской области и заявила, что ее ребенок, а также другие ученики подвергаются физическому и психологическому насилию со стороны помощника воспитателя учебного заведения.

Представитель УПЧ организовал оперативный прием с участием родителей учеников, представителей городской прокуратуры и Управления образования Туркестанской области, по итогам которого в Управление образования был направлен запрос.

В ходе проверки факты применения силы и морального давления подтвердились, при этом также выяснилось, что помощник воспитателя работал в лицее на правах волонтера. Сотрудничество с ним прекращено.

Кроме того, за ненадлежащее исполнение своих служебных обязанностей, директор лицея-интерната, заместитель по воспитательной работе, педагог-психолог, руководитель класса были привлечены к дисциплинарной ответственности в виде выговора.

Отправить комментарий