КЕНТАУДА ЖАЛДАМАЛЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУГЕ БОЛАДЫ

Кентау қаласында мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалдамалы баспана алған азаматтар оны жекешелендіру мүмкіндігіне ие болды.

2025 жылдың 24 мамырынан бастап, соңғы 5 жылда жеке баспанасы болмаған кез келген азамат тұрғын үй кезегіне тұра алады. Сонымен қатар, жаңа заңға сәйкес, белгілі бір санаттағы азаматтар (ҰОС ардагерлері, мүгедектер, Чернобыль апатынан зардап шеккендер және т.б.) пәтерлерді өтеусіз меншікке ала алады. Ал басқа санаттағы азаматтар тұрғын үйді бастапқы 10% жарна төлеп, қалған соманы 10 жыл ішінде бөліп төлеу арқылы жекешелендіре алады.

2018-2024 жылдары аралығында Кентауда 1213 отбасыға көпқабатты үйлерден пәтер берілген. Оның ішінде, 2021 жылы пайдалануға берілген 10 тұрғын үй жаңа заң аясында жекешелендіруге жатады. Орташа есеппен пәтерлердің бағасы: 1 бөлмелі – 3,6 млн теңге, 2 бөлмелі – 5,3 млн теңге, 3 бөлмелі – 7 млн теңге көлемінде болады.

Отправить комментарий