Кентауда жастарға арналған «ХАН FEST» фестивалі өтті
Кентауда жастарға арналған «ХАН FEST» фестивалі өтті,-деп хабарлайды Азатнюс тілшісі.
Кентау қаласының 70 жылдығына орай «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «ХАН FEST» жастар фестивалі өтті. Мақсат – жастардың шығармашылық және спорттық қабілеттерін шыңдап, салауатты өмір салтын насихаттау.
Іс-шараны орталық басшысы Азат Сұлтан ашып, жастарды белсенділікке шақырды. Қатысушыларға өрт қауіпсіздігі, жол ережесі, құқықбұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Фестиваль үш сайыстан тұрды: садақ ату, тирден ату және ләңгі тебу. Нәтижесінде:
🥇 І орын – Қаратау командасы
🥈 ІІ орын – Eco Unite
🥉 ІІІ орын – Eagles командасы
Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Кеш соңында фуршет ұйымдастырылып, жастар ән салып, домбырамен күй орындап, еркін форматта өнерлерін көрсетті. Фестиваль достық пен көтеріңкі көңіл-күйде аяқталды.
Отправить комментарий