ҚМДБ қыз-келіншектерге намазды үйде оқуға кеңес берді

Себебі иеті түзу емес адамдар әйелдердің мешітте намаз оқуына кедергі келтіруі мүмкін. Шариғат бөлімі бұл шешімді кейбір мешіттерде әйелдерге арналған арнайы орын жоқтығын ескере отырып жариялаған екен. 

“Кейбір мешіттерде әйелдерге арнайы орын ажыратылмаған болуы, тар болуы мүмкін. Сондықтан, ер кісілермен араласпау мақсатында және әйелді қорғау мақсатында, әртүрлі бүлікке себепкер болмас үшін деп осындай түсіндірме жұмыстары жүргізіледі”, – деді ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Қожамұратов. 

Негізінен қыз-келіншектердің мешітте намаз оқуына қатысты қоғамда түрлі пікір қайшылығы бар. Діни басқарманың бұл шешімі тұрғындар тарапынан қолдау табуда.

Ал сіз бұған не дейсіз?

Отправить комментарий