ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен өңірлердің, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындардың өмір сапасын көтеру жұмыстары жалғасуда.

Түркістан облысы, Сауран ауданы, Ораңғай ауылында № 41 өрт сөндіру депосының жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылу салтанатына ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және басқа да құрметті қонақтар қатысты. Өңір басшысы көпшілікті құттықтады.
– Түркістан облысының төтенше жағдайлар қызметкерлерінің материалдық-техникалық жарақтануы облыс әкімдігінің назарында тұр. Тұрақты қолдау көрсетілуде. Бұл өрт сөндіру бекетінің орны айрықша. Себебі, мұнда арнайы экономикалық аймақ құрылып, өндіріс орындары ашылады. Бүгін тапсырылған бекетке осы зауыттар мен кәсіпорындардың, жақын маңдағы елді мекендердің өрт қауіпсіздігін сақтау міндеті жүктеліп отыр. Бұл міндетті абыроймен атқаратындарыңызға сенімдіміз! – деді Дархан Сатыбалды.

Túrkistan oblysynyń ákimdigi Акимат Туркестанской области
Түркістан облысы әкімінің қоғамдық қабылдауы
Тарбағатай Төтенше Жағдайлар Бөлімі

#Новости #жаңалық #прямойэфир #астана #алматы #қазақстан #авария #тікелейэфир #апат #сұмдық #шымкент #алматы #қылмыс #медицина #азатниус #полиция #түркістан

Отправить комментарий