Қырғызстан тарапы Қазақстанды өз жерінде көкпар ойнауға шақырды
Қырғызстанның көкбөрі федерациясы Қазақстанға 1 қарашада Ыстықкөл жағасында Келісім кубогын өткізуді ұсынып отыр.
Олар Қазақстанның Көкпар федерациясына шақыру хат жіберді.
«Біз 1 қарашада көкбөрі мен көкпарда бірдей құраммен ойнауды ұсынамыз. Бұл – спорт, ойын екі халық арасындағы алауыздықты тудырмауы керек. Судья басқа елден болады», — деді Қырғызстанның Көкбөрі федерациясының басшысы Рамис Жүнісалиев.
▪️Бұған дейін Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпар бойынша финалда Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасын 5:4 есебімен жеңген болатын.
Дереккөз: @Sputnik_Kyrgyzstan
Отправить комментарий