Қытайда 62 жастағы жүргізушіге өлім жазасы кесілді.
2024 жылдың қарашасында Қытайдың Чжухай қаласында қайғылы оқиға болдв. 62 жастағы Фань Вэйцю джипімен жаяу жүргіншілер жолына шығып, 35 адамның өмірін қиды және 43 адамды жарақаттады.
💔 Қайғылы оқиға ерлі-зайыптылар арасындағы мүлік бөлінісіне қатысты жанжалдан кейін болған деп хабарланады.
Сот жүргізушіні қоғам қауіпсіздігіне қатер төндірді деп тауып, өлім жазасына кесу туралы шешім қабылдады. Фань үкімге апелляция бермеген.
Отправить комментарий