Қызылордада оқушыны өлтірді деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды
Мұны Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр.
«Сондай-ақ аталған қылмысқа қатысы бар тағы екі адамға қатысты бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Оларға қатысты үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», — делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.
Отправить комментарий