Қазақстанда 17 мың әскери жалақының аздығынан қызметтен кеткен

Бұл туралы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Камалетдинов мәлімдеді.

«Әскери қызметкерлердің жұмыстан кетуі алаңдатуда. Жыл сайын қызметінен кететіндердің қатары өсуде. 2020-2023 жылдар аралығында Қарулы Күштер қатарынан 17 065 әскери қызметші кеткен. Оның 4 301-і офицерлер, 12 764-і келісімшарт бойынша әскерилер.Бұл деген шамамен 15 механикаландырылған бригадалардың санымен бірдей. Оның бір себебі – жалақының салыстырмалы түрде төмендігі», – деді вице-министр.

Отправить комментарий