Ұлыбританияға қоныс аударған студент Қазақстанға экстрадицияланады
Стипендияны ұтып алып, артынша оқуын тастап кеткен және кепілде тұрған үйлерін заңсыз шешіп алған Валерия Гавриленко үшін енді кепілгерлері 30 млн теңге көлемінде ақша төлеуге мәжбүр. Бұл туралы кепілгерлер Наталья Воробьева мен Мақпал Дәрібаева айтып, шағымданды.
Халықаралық бағдарламалар орталығының жетекшісі Әлия Оспанова стипендиаттардың 1 пайызға жуығы ғана оқуын аяқтамаған немесе міндеттерін орындамайтынын атап өтті.
«Бұл жағдайда бағдарлама стипендиаты саналы түрде заңсыз әрекет жасап, мемлекеттік стипендияны Ұлыбританияға көшу құралы ретінде пайдаланды. Орталықта мемлекет алдындағы міндеттерін орындамаған стипендиаттарды экстрадициялау тетігі әзірленуде. Ішкі істер министрлігіне, Сыртқы істер министрлігіне, құқық қорғау органдарына хаттар жолданып, тиісті органдармен жұмыс жүргізілуде. қабылдаушы елдің билігі», – деді Әлия Оспанова.
t.me/stankznews
Отправить комментарий