Махаббат үшін жасалған жалған дабыл: Ақтаулық жігіт сотталды
Ақтау қаласында 12 ақпан күні жергілікті сот шешімімен бір жігіт сотталды. Ол полицияға қоңырау шалып, әуежайға бомба қойылғанын хабарлаған. Нәтижесінде, әуежайдағы барлық адамдар эвакуацияланып, ұшу уақыттары кейінге шегерілді. Ғимарат толық тексерілгенімен, ешқандай жарылғыш зат табылмады.
Көп ұзамай, қоңырау шалған жігіт ұсталды. Тергеу барысында оның мұндай әрекетке махаббат үшін барғаны анықталды. Сүйіктісі оны тастап, ұшып кетпек болғандықтан, жігіт бұл жағдайға кедергі жасау үшін осындай қадамға барған. Мемлекетке келтірілген шығын 1 миллион теңгені құрады. Сот шешімімен, ол 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Отправить комментарий