Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден әйелдердің жұмыс күнін қысқартуды ұсынды.
Қарақат Әбден осы бағытта бірқатар маңызды ұсыныс жасады:
1️⃣ Скандинавия елдерінің тәжірибесіне назар аударып, әйелдер үшін қысқартылған жұмыс күнін енгізу мүмкіндігін қарастыру. Бұл отбасы институтын нығайтуға ықпал етеді, жұмыс істейтін әйелдер бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөле алады.
2️⃣Бала күтімі бойынша инфрақұрылымды дамыту, яғни тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшалар ашу, жұмыс орындарында балалар бөлмелерін құру қажет.
3️⃣ Декреттік демалысты екі жылға дейін ұзарту.
4️⃣ Жұмыс орнындағы әйелдерді қорғауға бағытталған құқықтық шараларды күшейту.
Отправить комментарий