Мереке күндері Түркістан облысында қауіпсіздік шаралары жанданып, тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істейді. Бұл мәселе облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаменті өкілдерінің баяндамалары мен ұсыныстарын тыңдады.

– Қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғындардың қауіпсіздігін нығайту маңызды. Осы бағытта жұмысты күшейтіңіздер. Әсіресе, жастардың, оқушылардың қауіпсіздігін сақтау керек. Қырағылықты төмендетпеңіздер, – деді Дархан Сатыбалды.

Жаңа жылда көпшілік және бұқаралық іс-шаралар көбейетіні белгілі. Осыған байланысты 31 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында Полиция департаменті мен «Ұлттық ұлан» әскери бөлімінің жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Облыс аумағында Жаңа жыл мерекесіне орай қоғамдық тәртіпті сақтауға 1423 қызметкер, 124 патрульдік автокөлік жұмылдырылады.

Отправить комментарий