Микрофонға бола жанжалдасқан ер адам сотталды

Павлодарда караоке-барлардың бірінде 52 жастағы ер адам мен оның досы микрофонға бола жанжалдасып қалды. 

Оқиға 2024 жылғы шілдеде болған. Кейін бұл бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Павлодар қалалық №2 сотының үкімінде төбелес алдымен мекемеде басталып, кейін көшеде жалғасқаны айтылған. Бір кезде айыпталушы пышағын суырып алып, қарсыласының кеуде тұсына бір рет сұғып, қашып кеткен. 

Айыпталушы өзін кінәлі емес, тек қорғағанын айтады. Ол өміріне қауіп төніп тұр деп ойлап, пышағын алып шыққан.

№2 сот павлодарлықты кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Отправить комментарий