Моңғолияда үш мыңға жуық адам үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп, митингке шықты.

Наразылық білдірушілер үкіметті сыбайлас жемқорлыққа жол берді, ауаның ластануы мен жол кептелісін азайта алмады, салықтарды реттеу мәселесін шешпеді деп айыптады.

Митинг ел астанасы Ұлан-Батырдың орталығындағы Сухэ-Батор алаңында өтті.

Кейбір наразылық білдірушілер үкімет сарайына басып кіруге тырысқанымен, полицияның арнайы жасақтары оларды таратып жіберді.

Отправить комментарий