Монтайтаста жалғызбасты әйелдің үйін әлдекімдер тас талқанын шығады
Сурет: pixabay.com/Көрсетілген сурет оқиғаға орнынан алынбаған
Түркістан облысы Арыс ауданы Монтайтас ауылының тұрғыны, үйіне түн ортасын бәз біреулер қарша тас жаудырып,үйімнің тас талқанын шығарды,-деп полицияға шағымданды.Бұл туралы Azatnews.kz тілшісі хабарлайды.
Оқиға 13-ші қарашаға қараған күні,сағат шамамен 00:00 де болған.Бұл уақытта үй иесі ұйқыда жатқан.Бір топ жасөспірімнің үйінің терезесіне тас жаудырған сәтінде терезесінің сықырынан оянған ол, шошынып қалған.
«Менің үйіме бір топ балалардың не себепті тас лақтырғанын білмеймін.Үйімнің айра-жайрасы шықты.Бұған көршілерім де куә.Полицияға хабарласып мән-жайдың барлығын айттым.Олар келіп үйімді суретке түсіріп,тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.Қазір екі жасөспірімді бөлімшеге алып кетті.»,-деді жалғызбасты ана.
#Новости #жаңалық #прямойэфир #астана #алматы #қазақстан #авария #тікелейэфир #апат #сұмдық #шымкент #алматы #қылмыс #медицина #азатниус #полиция #түркістан
Отправить комментарий