Монтайтастық әйелдің қолын күйдіріп алған Арыстық дәрігерлерге сөгіс берілді
Монтайтастық әйелдің қолын күйдіріп алған Арыстық дәрігерлерге сөгіс берілді.
Бұл туралы Azatnews.kz тілшісі хабарлайды.
Естеріңізге сала кетейік,Монтайтас ауылының тұрғыны 31-інші қаңтар, кешкұрым аяқ-асты талмасы ұстап,есін білместен жедел-жәрдем көлігімен Арыс қалалық ауруханаға жеткізілген болатын.
Есінен таңған науқасқа дәрігерлер тамырдан екпе жіберген.Алайда тамырға жіберген екпе бұлшық етке тарап кетіп,науқастың сол жақ қолы күйіп қалған болатын.
Өз міндеттерін дұрыс атқармаған Арыс аудандық орталық аурухансының басшысының 2024 жылғы 28 наурыздағы №332 ж/қ бұйрығымен хирургия бөлімінің меңгерушісімен, кардиолог және хирург дәрігерлерге «сөгіс» тәртіптік жазасы берілді.
Отправить комментарий