Мына ұшақты Қазақстанға жүк көлігімен өткізбек болған
Ұшақтың салмағы — 3 тонна 600 келі, құны — 9,1 млн теңге.
Қазақстан азаматы ұшақты Ресейде аукционда сатып алған. Бірақ тиісті құжаты болмаған.
ҰҚК департаменті мен шекара қызметінің қызметкерлері «Амангелді» автомобиль өткізу пунктінде «МАЗ»-ға тиелген ұшақты тапты.
Павлодар облысы Ертіс аудандық сотының қаулысымен ұшақ иесі кінәлі деп танылып, 55 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.
Отправить комментарий