«Ол 1-қабаттан 4-қабатқа дейін қансыраған күйде жеткен. Ол үйге кіріп, «ана, мен өліп бара жатырмын, мені өлтірді» деді де жерге құлады. Сол кезде оған не болғанын түсіне алмадым. Оның бетінен қан атқылап жатты, бәрі қанға боялды. Шошып кеттім. Көршілерге қоңырау шалдым, ал олар дәрігерлерге хабарласты. Бақытымызға орай, көршіміз Жандос хирург еді, қан кеткенін тоқтатуға көмектесті, әйтпесе ұлым одан да көп қан жоғалтар еді. Содан кейін оны жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті», — дейді есеңгіреп қалған әйел.
Астанада зардап шеккен баланың анасымен сөйлестіК. Оқиға туралы егжей-тегжейлі айта отырып, ол көз жасын ұстай алмады. Әйел ұлын дүкенге жалғыз жібергеніне жүз рет өкінгенін айтып отыр. Күдіктіге ең ауыр жаза беріледі деп үміттенеді.
Отправить комментарий