Оңтүстік Корея тұрғындары қазақ халқына алғыс айтты
Бұл елде 1 наурыз – мемлекеттік мереке, Тәуелсіздік қозалысы күні. Корей халқының кейбір ұлттық батырлары 1937 жылы қазақ жеріне қоныс аударылып, қазақ халқының қолдауы арқасында аман қалған.
Қазақстаннан өздерінің тарихи Отаны – Кореяға оралған корейлер қазақ батырларының рухына тағзым етті, деп хабарлады 24.kz.
«Қазақстандықтарға жасаған барлық жақсылығы үшін, қазақ жеріне қамқорлығы үшін зор алғысымызды білдіреміз. Өйткені қазір Қазақстаннан тыс жерде тұратын корейлер мақтанышпен және сенімді түрде «біз – қазақстандықпыз» деп айта алады», — дейді «Koryoin Global Network» қоғамдық ұйымының президенті Евгения Цхай.
Отправить комментарий