Павлодарда өрт шыққан пәтерден зейнеткер өлі табылды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, таңғы сағат 04:49-да Рылеев көшесіндегі көпқабатты үйдің жанып жатқаны туралы хабар жеткен.
Көпқабатты үйден өз бетінше 17 адам мен үш бала эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер үш тұрғынды шығарды.
Өртті сөндіру кезінде 1959 жылы туған ер адамның мәйіті табылды.
Отправить комментарий