Перизат Қайрат құрған қор таратылатын болды
Әділет министрлігі елорданың экономикалық сотына “Biz Birgemiz Qazaqstan 2030” қорын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берді.
Министрліктің мәліметінше, сотқа жүгінуге Қаржы мониторинг агенттігінің хаты негіз болған. Қорды құру кезінде заңның өрескел бұзылуы анықталғандықтан, оны тарату туралы шешім қабылданды.
Бұған дейін, 2024 жылы 14 қарашада, ерікті Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені және Палестинаға көмек ретінде жиналған 200 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінген. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Қордың жабылуы – қайырымдылық саласындағы заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған қадамдардың бірі болып отыр.
Отправить комментарий