Перизат Қайраттың ісі сотқа жіберілді

Бас прокуратура П. Қайрат пен Г. Алашбаеваға қатысты 3 миллиардтан астам теңгені жымқыру ісін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жолдады, деп хабарлайды Azatnews.kz тілшісі.

«Бас прокуратура П. Қайратқа және Г.Алашбаеваға қатысты қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жіберді.

Аталған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарынан мүгедек балаларға, сондай-ақ Қазақстанда су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен адамдарға қайырымдылық көрсету желеуімен жиналған 3 миллиардтан астам теңгені жымқыруда айыпталады», — делінген хабарламада.

Олар мүгедек балаларға, су тасқыны мен Таяу Шығыстағы қақтығыстардан зардап шеккендерге арналған қайырымдылық қаражатын иемденді деп айыпталуда.

Отправить комментарий