Путин Украинадағы соғысты тоқтатудың шарттарын атады
Ресей президенті Владимир Путин Украинамен бейбіт келіссөздерді бастаудың екі негізгі шартын атады. Ол Донецк, Луганск, Запорожье аумақтарынан, Херсон облыстарынан украин әскерлерін шығару шартын қойды. Сонымен қатар Киев НАТО-ға кіруден бас тартуы қажет екенін айтты.
«Киев дайын екенін мәлімдеп, әскерлерін Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон облыстарының аумақтарынан нақты шығаруға кіріскенде, сондай-ақ НАТО-ға кіруден бас тартқанда, біз дереу атысты тоқтатуға бұйрық береміз және келіссөздерді бастаймыз», – деді Путин.
Сонымен бірге, ол Украина әскерлері бұл аймақтардың аумақтарынан толығымен кетуі керек екенін ерекше атап өтті. Бірақ белгілі болғандай, Ресей әскерлері оларды ішінара ғана басқарады.
Отправить комментарий