Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!
Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті соңғы уақытта әлеуметтік желілерде және бейресми дереккөздерде тарап жатқан «Актив ломбард» мекемесінің жұмысының тоқтап қалуына қатысты жалған ақпараттарға түсініктеме береді.
Ресми түрде хабарлаймыз: «Актив ломбард» мекемесінің жұмысы тоқтатылған жоқ. Қазіргі таңда аталған мекеме өз қызметін бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жалғастырып отыр.
Осыған байланысты тұрғындардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және жалған ақпараттарға бой алдырмауды сұраймыз.
Біз азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жалған хабарламалармен ақпараттарды таратпауды сұраймыз.
📌 Қосымша ақпарат алу үшін:
Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті
Байланыс телефоны: + 77253352978




Отправить комментарий