Қостанай облысында ер адам әйелі мен енесін өлтіріп кетті

Қостанай облысының Қарабалық ауданында ер адам бұрынғы әйелі мен енесін өлтіріп, ұлын жарақаттады. 45 жастағы күдікті көршінің сарайынан табылды, деп хабарлайды Azatnews.kz.

Кеше, 15 шілде ер Ер адам отбасына шауыл жасаған. Оның 10жасар ұлы жарақат алып, жасөспірім қызы соққыдан аман қалды. Олар оқиға орнынан қашып үлгерген.

Полиция күдіктіні көршінің сарайынан тапты. Ер адам өзін өлтірмек болып денесін тілгілеген.

Тұрғындардың айтуынша, ол ұзақ уақыт бойы отбасынан бөлек тұрған. Қанды қылмыстың себептері анықталуда.

Отправить комментарий