Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанда атом электр станциясын салу және бұл жобаға «Росатомның» қатысуы туралы пікір білдірді,деп хабарлайды Azatnews.kz Orda.kz-ке сілтеп.

«Егер Қазақстан атом энергетикасы саласындағы жобаларын жүзеге асыратын болса, онда, әрине, кез келген тапсырыс беруші сияқты, өзіне ең қолайлы технологиялық шешімдер мен қаржылық схемаларды таңдауға құқылы», – деді Владимир Путин.

«Біз кадрларды дайындаймыз, қажетті материалдарды жеткіземіз, пайдаланылған отынды аламыз және тағы сол сияқты жұмыстарды атқарамыз. Атом саласындағы ғылымды дамытуға ықпал етеміз. Әрине, Қазақстан президенті мен біздің қазақстандық әріптестеріміз, достарымыз бұл қызмет саласын жақсы біледі. Олар жұмысты нөлден бастамайды. Қазақстанда уран өндіру және осы салада жұмыс істейтін кәсіпорындар бар. Олар не қалайтынын, оған қанша төлеуге дайын екенін және қандай нәтиже алғысы келетінін жақсы түсінеді. Сондықтан біздің әңгімеміз өте кәсіби деңгейде өтті», – деп толықтырды ол.

Отправить комментарий