РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ӨНДІРІЛГЕН ЖАЛПЫ ӨНІМНІҢ 13 ПАЙЫЗЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ТИЕСІЛІ

✔️Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары күшейтіледі. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері қаралған мәжілісте Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне нақты міндеттер жүктеді. Бекітілген индикаторды орындамаған басшыларға сын-ескертпе айтып, жұмысты күшейтуді тапсырды.

📌– Түркістан облысы үшін ауыл шаруашылығы саласы өте маңызды. Осы бағытта жұмысты күшейтуіміз керек. Әрбір ауданның ерекшелігіне сай шаруашылықты дамытып, жобалар жасап, өнімділікті арттыру қажет. Ет, сүт өндіру, инвестиция тарту көрсеткіштері төмендеген аудандар осы мәселеге назар аударсын. Аудан, қала әкімдері ауыл шаруашылығына, кәсіпкерлікке жауапты басқармалармен бірлесіп, инвестиция тарту жұмысын күшейтсін. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстарымыз жалғасады, – деген Нұралхан Көшеров жауаптыларға көктемгі дала жұмыстарын сапалы ұйымдастыру, шаруаларды жеңілдетілген жанар-жағармай мен тұқыммен қамтамасыз ету, инвестиция тарту жөнінде тапсырмалар берді.

Отправить комментарий