Соңғы 14 января, 2025 Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы. Просмотры: 130Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы.
Previous post Бұл жылы Түркістан облысында 120 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылмақ. Олардың 60%-ы тұрақты жұмыс орындары болып табылады. Жұмыс орындарын құру «Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы» және Мемлекет басшысының тапсырмалары негізінде жүзеге асырылатын «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіледі. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров осы мәселеге қатысты мәжіліс өткізді, онда «Жаңа жұмыс орындарын құру және халықты жұмыспен қамту» туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева баяндама жасады. Next post Сабыр Рахимов мектебі: 50 жылдан астам білім мен табыстың қайнар көзі
admin 0 ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МЕРЕЙІ» ФОРУМЫ ӨТТІ ТҮРКІСТАН. Бүгін ежелгі Түркістанда «Түркістан мәртебесі – ел мерейі» атты республикалық форум өтті. Іс-шараның басты мақсаты – Түркістан қаласына берілген ерекше мәртебенің мәнін айқындау және оның рухани-мәдени миссиясын жан-жақты талқылау. Ауқымды форумға ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қайрат Балабиев пен Темір Қырықбаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің басқарма басшысы Рига Онаева, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Форумның модераторы – Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев. Жиында сөз алған вице-министр Б.Омарбеков «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» ҚР Заңының негізгі бағыттарына тоқталды. Оның айтуынша, бұл заң қаланың тарихи-мәдени мұрасын сақтау, туризмді дамыту, әкімшілік басқару жүйесін тиімді ету және әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған. Аталған заң аясында Түркістан қаласының әкімдігі мен мәслихатына қосымша 44 құзырет берілгені белгілі болды. Форум аясында жергілікті қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, ұлттық аспаптармен оркестр күй төгіп, «Ұлы тарихтың жаңғыруы» атты театрландырылған көрініс қойылды. Ресми мәліметке сәйкес, соңғы үш жыл ішінде Түркістан қаласының халқы 31,5%-ға өсіп, 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін 236 954 адамға жеткен. Қала облыс орталығы атанғалы бері жалпы өңірлік өнім 4,5 есе өсіп, 2024 жылы 452,6 млрд теңгені құраған. Мемлекеттік бюджетке түскен түсім көлемі де 2,8 есе артып, 80,1 млрд теңгеге жетті. Ал негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 915,7 млрд теңгені құраса, оның ішінде 2024 жылы 400,2 млрд теңге инвестиция тартылған. Форумда айтылған деректер мен бастамалар Түркістанның тек рухани ғана емес, экономикалық даму тұрғысынан да маңызды аймаққа айналып келе жатқанын айғақтайды.
Отправить комментарий Отменить ответ Комментарии Имя E-mail Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев.
Отправить комментарий