Сарыағашта тұрғын үйінің ауласында арыстан мен жабайы құстарды асырап келген
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері сирек кездесетін жануарлар мен құстарға қатысты заңсыз әрекет жасау фактісін анықтап,оларды тәркіледі.
Тұрғынның ауласында бір арыстан, екі бүркіт, сұңқар, екі үкі және екі кекілік құсын тәркіледі. Ер адамның айтуынша ол жабайы аңдарды өз қажеттілігі үшін асыраған екен.
«Қазір осы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды және қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.»,-деп қосты Түркіс тан облысының ПД баспасөзі.
Отправить комментарий