САУРАН АУДАНЫНДА АУМАҚТЫҚ ОРГАНДАР ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округінде аумақтық органдар ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жаңа ғимараттың ашылу салтанатына қатысып, ізгі ниетін жеткізді. Қызметкерлердің өңірді дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
– Өздеріңіз білесіздер, 2021 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Сауран ауданы құрылып, тарихи аймақтың жаңа дәуірі басталды. Түрлі нысандар бой көтеріп, инфрақұрылымы қалыптасқан жаңа әрі сәулетті ауданға айналуда. Бүгін Шорнақ елді мекенінде аумақтық органдар ғимараты ел игілігіне тапсырылып жатыр. Беріліп отырған ғимарат мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттырып, тұрғындардың қажеттіліктерін жедел әрі сапалы шешуге мүмкіндік береді. Осында қызмет ететін мемлекеттік қызметшілер ел игілігі үшін сапалы жұмыс істеулері керек, – деді Дархан Сатыбалды.
2,1 гектар аумақта орналасқан ғимараттың жалпы ауданы 7 303,56 шаршы метрді құрайды. Мұнда мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған.
Отправить комментарий